02
декабрь
2019
Тұңғыш Президент күні
Тақырыбы: «Ұлы халықтың Ұлы көшбасшысы»
Мақсаты: 1 желтоқсан – тұңғыш президент күніне арналған мереке екендігін меңгерте отырып, Елбасымыздың қызметі жайлы білімдерін толықтыру, тақырыптық сұрақтар қоя отырып балалардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту. Отанына, жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін ояту, елінің патриотты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасының суреті, Қазақстан республикасының картасы, рәміздер, сиқырлы қақпа.
Барысы:
1. Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз! /қонақтармен сәлемдесу/
Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін орындау.
Тәрбиеші:
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз қазақ елінің көшбасшысы - Елбасы күніне арналады. Айтыңдаршы, Елбасы деген кім?
- Дұрыс, айтасыңдар, елбасы – ол біздің президентіміз.
- Ал, сендер біздің президентімізді білесіңдер ме? /Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев/
- Жақсы.
Біздің Президентіміз 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысында дүниеге келді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 жылы біздің президент болып сайланды. 1 желтоқсан – ол тұңғыш президент күні. Осы тәуелсіздікке қол жеткізіп, еліміздің егемендік алуы, дамуы , жетістіктерге қол жеткізуі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегінің арқасыдна. Ол Астана қаласында, Ақордада қызмет етеді.
Нұрсұлтан Әбішұлы балалық шағында ұшқыш болуды армандаған екен. Балалар, сендер өскенде кім болғыларың келеді?
- Ол үшін сендер қандай болуларың керек? / білімді, ақылды.../
- Олай болса, қазір сендердің білімдеріңді мына сиқырлы қақпа арқылы тексеріп көрейік / тақтадағы қақпаның суретін ретімен ашып, оның астындағы жасырынған суреттер туралы балалардан сұрап, білімдерін тексеру/
1-қақпа: Қазақстан республикасының картасы
2-қақпа: Ту
3- қақпа: Елтаңба
4-қақпа: Бәйтерек
5-қақпа: Теңге
- Бәрекелді, балалар! Сендер өте білімді екенсіңдер! Мына қақпалардан сүрінбей өттіңдер! Ал, сендер Елбасы, Отан туралы тақпақ, өлең білесіңдер ме? /тақпақ және өлеңдер айту/.
- Тамаша, балалар! Бүгінгі сабағымызға барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар! Сендердің де біздің Елбасымыз сияқты болашақтарың жарқын болып, армандарың орындала берсін!